Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қазандағы № 62-3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қазанда № 7740 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 4-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 02.04.2021 № 4-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3-тармағы, 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, спорт, мәдениет және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, спорт, мәдениет, ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – "Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Тарбағатай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет "Қазпочта" акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы беріледі.

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Тарбағатай ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі.

      4. Тарбағатай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 35-3 "Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5803 болып тіркелген, 2019 жылы 01 cәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 53-20 "Тарбағатай ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы № 35-3 шешімнің күшін тоқтату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6934 болып тіркелген, 2020 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі электрондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      Сессия төрағасы К. Шыныбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Жакаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады