Шектеу іс-шараларын алу және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ұлан ауданының Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 8030 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 қарашадағы №01-26/545 ұсынысы негізінде, Багратион ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы, Багратион ауылдық округі, Привольное ауылының солтүстік-шығысында орналасқан "Синее горы" жайылымының аумағында ірі қара малдар арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7594 тіркелген, 2020 жылғы 01 қазанда "Ұлан таңы" аудандық газетінде және 2020 жылғы 02 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Багратион ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Чурбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады