Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылының Ахметов, Жанғұлов, Қошқарбаев және Ибраев көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 шілдеде № 7334 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 10.12.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 01-26/249 ұсынысына сәйкес, Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылының Ахметов, Жанғұлов, Қошқарбаев және Ибраев көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Аскабылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады