Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-746/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 8391 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 124-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 5-113/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 3 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2014 жылдың 6 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.";

      10 тармақтың 1) тармақшасы толықтырылсын және жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:

      - Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 33,4 айлық есептік көрсеткіш; 

      -тәжікстан-ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      -Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;";

      10-1 тармағымен осы редакцияда толықтырылсын:

      "10-1. Адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға, толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаса, әлеуметтік көмек -23,519 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерінде көрсетіледі.";

      12 тармақ толықтырылсын және жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13 тармағына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.

      Өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларына) әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.

      Өмірлік қиын жағдайға тап болған, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар) осы жағдай болған күннен бастап үш ай ішінде өтініш береді.

      Қағидалардың 10-1 тармағында көрсетілгендерге әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ескерілмей ай сайын тағайындалады.";

      13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы К. Сатмухамбетов
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады