Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Дина" шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 6715 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 29.05.2020 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылдың 27 желтоқсандағы № 313 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Дина" шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті шығуына байланысты шектеу шаралары енгізілсін.

      2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдансын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақаншы ауылдық округінің әкімі С. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады