Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 1147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 6304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Дауешов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

  Орал қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 16 шілдедегі № 1147
қаулысына қосымша

Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстың түрлері

Қоғамдық жұмыстың нысаны

Қоғамдық жұмыстың түрлері

1

"Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

аумақты тазалау, көркейту

2

"Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

аумақты тазалау, көркейту

3

"Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты" мелекеттік мекемесі

аумақты тазалау, көркейту

4

"Орал қаласының Деркөл кенті әкімінің аппараты" мелекеттік мекемесі

аумақты тазалау, көркейту

5

"Батыс су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

аумақты тазалау, көркейту

6

"Жайықжылу қуат" акционерлік қоғамы

аумақты тазалау, көркейту

7

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі

аумақты тазалау, көркейту


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады