Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 6043 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Имашева
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 ақпандағы
№ 47-5 шешіміне қосымша

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-3 "Бөрлі ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4398 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      2. Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы №7-10 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-3 "Бөрлі ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4550 тіркелген, 2016 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5488 тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5512 тіркелген, 2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №35-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5545 тіркелген, 2019 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 наурыздағы №36-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5586 тіркелген, 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы №37-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5587 тіркелген, 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі №38-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5623 тіркелген, 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5625 тіркелген, 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы №39-7 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5701 тіркелген, 2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 маусымдағы №39-8 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5700 тіркелген, 2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы №43-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5817 тіркелген, 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қазандағы №43-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5830 тіркелген, 2019 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №44-8 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №32-4 "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5871 тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №44-9 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №33-1 "2019-2021 жылдарға арналған Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5882 тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады