2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 104 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 мамырда № 6236 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес Казталов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы №141 "2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата – ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Мажитоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Есалиев

  Казталов ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 14 мамырдағы
№ 104 қаулысымен бекітілген

2020 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы,
ата - ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымда-рының әкім-шілік аумақтық орнала-суы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата – ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан 6 жасқа дейін

Бөбекжай (жергілікті бюджет)

Жалпақтал ауылы

"Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі әкімінің аппаратының "Ертегі" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

37725

4490

5500

Талдыапан ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Балбөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

34

114602

4950

5130

Жалпақтал ауылы

"Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі әкімінің аппаратының "Балдәурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

33746

4600

5400

Жаңажол ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Шаттық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

55

55977

4365

5485

Қошанкөл ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

47470

5500

5800

Бостандық ауылы

"Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің аппаратының "Айгөлек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

75

35555

4930

5775

Казталов ауылы

"Казталов ауданының Казталов ауылдық округі әкімінің аппаратының "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

51

44171

5450

5765

Қайынды ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

45

58261

5300

5500

Ақпәтер ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Балапан" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

51793

4600

5500

Қараоба ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

52505

5765

6570

Болашақ ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Жұлдыз" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

36

71763

4645

5710

Балабақша (жергілікті бюджет)

Казталов ауылы

"Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің аппаратының "Жадыра" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

56

39729

-

6450

Бөбекжай (республикалық бюджет)

Әжібай ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Ақтілек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

50615

4700

5500

Тереңкөл ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Жігер" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

35

74652

4645

5570

Қарасу ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Ақжелкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

52243

4000

4500

Казталов ауылы

"Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің аппаратының "Нұрбалапан" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

266

35418

5130

6740


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады