"Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22374 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11699 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережеде:

      9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;";

      10-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады