Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22422 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 141
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер

Өлшем бірлігі (дана)

Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автокөлік)

Қызмет мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

 
Арнайы көлік құралы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персонал мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу)

Орталық аппарат

1

40 000 км

13

Ақмола облысы

3

40 000 км

13

Ақтөбе облысы

2

40 000 км

13

Алматы облысы

3

40 000 км

13

Атырау облысы

3

40 000 км

13

Шығыс Қазақстан облысы

5

40 000 км

13

Жамбыл облысы

2

40 000 км

13

Батыс Қазақстан облысы

2

40 000 км

13

Қарағанды облысы

6

40 000 км

13

Қызылорда облысы

2

40 000 км

13

Қостанай облысы

3

40 000 км

13

Маңғыстау облысы

2

40 000 км

13

Павлодар облысы

3

40 000 км

13

Солтүстік Қазақстан облысы

2

40 000 км

13

Түркістан облысы

3

40 000 км

13

Нұр-Сұлтан қаласы

2

40 000 км

13

Алматы қаласы

2

40 000 км

13

Шымкент қаласы

1

40 000 км

13

Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны

-

-

47

-

-

Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персонал мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады