Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22524 болып тіркелді. Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2022 (бұйрықтың 3 т.)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ҚазақстанРеспубликасыҚаржыминистрлігінің интернет-ресурсындаорналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 320 бұйрығымен
бекітілген

Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпыережелер

      1. Осы Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – пилоттық жобалар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құнның ірілендірілген көрсеткіштері – объектілердің қуаты көрсеткішінің өлшем бірлігіне ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштері (ғимаратқа немесе жалпы құрылысқа, ғимараттың құрылыс көлемінің 1 текше метріне, ғимараттың пайдалы алаңының 1 текше метріне, құрылыстың 1 текше метріне сыйымдылығына (резервуарға, тұндырғышқа, бассейнге), желілік құрылыстың (электр беру желісі, автомобиль жолы, құбыр желісі, электрмен жабдықтау және байланыс кәбілдері) ұзақтығы 1 километрге, ғимараттың, құрылыстың функционалдық мақсатын ескеретін басқа да техникалық сипаттамаларға), құрылыстар мен жұмыс түрлерінің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері;

      2) "толық аяқталған" кешенді –құрылыс-жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауды, "толық аяқталған" құрылысты және көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарлар жеткізуді, қызметтер көрсетуді қамтитын құрылыс жөніндегі кешенді жұмыстар.

      Осы Қағидаларда пайдаланатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған мағынада қолданылады.

2-тарау. Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      3. Пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тапсырыс беруші әзірлеген ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің негізінде "толық аяқталған" объектілерін кешенді салу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылады.

      4. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа бөлінген бағадан 30 (отыз) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік болып танылады.

      5. Осы Қағидалар өзіне мыналар:

      1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (байланыстыру);

      2) құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша бірыңғай лот құрамында мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтиды.

      6.Пилоттық жоба бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама біліктілік талаптары мен құнның ірілендірілген көрсеткіштерін қамтиды.

      7. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытындылар хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның барлық мүшелері мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында қорытындылар туралы шешім қабылданған күні орналастырады.

      8. Конкурстық құжаттама конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:

      1) төленген салықтардың көрсеткішін;

      2) жұмыс тәжірибесін көздейді.

      9. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салықтар көрсеткіші 3 (үш) пайыздан жоғары болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы 0,1 (бірден он) пайыздан асатын әрбір пайыз үшін 0,1 (бірден он) пайыз мөлшерінде, бірақ 3 (үш) пайыздан аспайтын шартты жеңілдік автоматты түрде береді.

      10. Егер әлеуетті өнім берушінің жаңа құрылыс бойынша бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде конкурс нысанасы болып табылатын ұқсайтын (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі бар әрбір жыл үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер 1 (бір) жыл ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін 0,2 (оннан екі) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері 5 (бес) пайыздан аспайды.

      Қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесі ескерілмейді.

      11. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын төлеген салықтарының үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      12. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама, инжинирингтік қызметтер (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады