Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22649 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 437-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын электрондық кедендік алып қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін және навигациялық пломбаның тұтастығын анықтауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы (бұдан әрі – навигациялық пломба) орнатылған көлік құралының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілуін қадағалау арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы жүзеге асырады.

      Ұлттық операторды Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Ұлттық оператор автоматтандырылған жұмыс орындарын орнату арқылы мемлекеттік кірістер органдарына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесіне рұқсат береді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы;

      2) межелі кеден органы – қызмет аймағында (өңірінде) жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы;

      3) мемлекеттік кірістер органы – құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      4) навигациялық пломбаны белсендіру – навигациялық пломбаны ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде бақылауға қою және тауарларды тасымалдауды бақылауды бастау;

      5) навигациялық пломбаны өшіру – салынған навигациялық пломбаны ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіндегі бақылаудан алу және тауарларды тасымалдауды қадағалауды аяқтау;

      6) уәкілетті лауазымды адам – кедендік транзит кедендік рәсіміне байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органдарының қызметкері;

      7) ұлттық оператор – транзиттік тасымалдауды қадағалауды қамтамасыз ететін, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, қадағалау жүйесінің ұлттық операторы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған заңды тұлға;

      8) штаттан тыс жағдай – навигациялық пломба сигналын 3 (үш) сағаттан артық жоғалту, навигациялық пломбаны рұқсатсыз алу, жүру маршрутынан ауытқу (егер мұндай маршрут белгіленген болса) жатады.

      4. Ұлттық оператор Заңның 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдаушыларға навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, электрондық кедендік алып жүруді жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

2-тарау. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану тәртібі

      5. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру туралы шешімді Кодекстің 437-бабының 2-тармағына сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын жағдайларда тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органының басшысы қабылдайды.

      Мемлекеттік кірістер органы көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, Кодекстің 437-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органы декларантқа, тасымалдаушыға және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына осындай шешім қабылданғаны туралы хабарлайды және осындай шешім қабылданған кезден бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.

      6. Навигациялық пломбалар салуды және алуды, сондай-ақ оларды іске қосуды және деактивациялауды мемлекеттік кірістер органдары ұлттық оператордың жауапты адамының қатысуымен жүзеге асырады.

      7. Тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыруды ұйымдастырады.

      Бұл ретте, жөнелтуші кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы тауарлары бар автокөлік құралына кедендік қарап-тексеруді жүргізеді, оның нәтижесі бойынша "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша көлік құралдарын қарап-тексеру актісін жасайды.

      Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы ақпарат жедел байланыс арналары арқылы межелі кеден органына жіберіледі.

      Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларды тасымалдаушы не декларант транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді (егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына электрондық құжат түрінде ұсынылған жағдайда) немесе транзиттік декларацияны (оның көшірмесін) не транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарды (егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда) ұсынады.

      8. Мемлекеттік кірістер органы ресімдегеннен және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларды тасымалдаушы не декларант осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін жөнелтуші кеден органының уәкілетті лауазымды адамы Кодекстің 193-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұлттық операторға навигациялық пломбаны салу және іске қосу туралы хабарлайды.

      Ұлттық операторға жіберілетін ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) навигациялық пломбаның бірегей нөмірі;

      2) транзиттік декларацияның нөмірі;

      3) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі;

      4) межелі кеден органының коды мен атауы;

      5) кедендік транзит мерзімі;

      6) тасымалдау маршруты.

      Пайдаланылатын навигациялық пломбалардың саны алып жүретін көлік құралының жүк бөліктерінің санына және (немесе) конструктивтік ерекшеліктеріне қарай айқындалады.

      Көлік құралының жүк бөлігінің тиек құрылғысына навигациялық пломбаларды салу жөнелтуші кеден органының кедендік бақылау аймағында жүзеге асырылады.

      9. Жөнелтуші кеден органының уәкілетті лауазымды адамы ұлттық оператордың уәкілетті тұлғасының қатысуымен көлік құралының жүк бөлігінің тиек құрылғысына навигациялық пломба салады, содан кейін ұлттық оператор оны іске қосады және жөнелтуші кеден органының уәкілетті лауазымды адамынан алынған, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты енгізеді.

      10. Жөнелтуші кеден органының уәкілетті лауазымды адамы навигациялық пломба салғаннан және ұлттық оператор пломбаны іске қосқаннан кейін көлік құралының орналасқан жері және навигациялық пломбаның мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын ақпараттық жүйеде тұтастығы туралы сигналдың түсуін тексереді.

      11. Ұлттық оператор жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінгі барлық жүру жолында ілесіп жүретін көлік құралын қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру процесінде штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде ұлттық оператор штаттан тыс жағдай туындағаннан кейін бір сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде жөнелтуші және межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамдарын хабардар етеді.

      12. Алып жүретін көлік құралдары жеткізу орнына келгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушы көлік құралын межелі кеден органының қызмет аймағындағы кедендік бақылау аймағында орналастырады, онда межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы жүк бөліктерінен навигациялық пломбаны алуды және оны ұлттық операторға беруді қамтамасыз етеді.

      13. Кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекетінің аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау кезеңінде көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру аяқталады.

      Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін тасымалдаушы не "Тауарлар мен көлік құралдарының келуі мен кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16535 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) бекітілген осы Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты кедендік декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді (егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына электрондық құжат түрінде ұсынылған жағдайда) немесе транзиттік декларацияны (оның көшірмесін) не транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық не кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы жөнелтуші кеден органының белгілері бар өзге де құжаттарды, сондай-ақ тауарларға қатысты өзінде бар басқа да құжаттарды (егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына қағаз тасымалдағышта ұсынылса) межелі кеден органына ұсынады.

      Тіркеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін ұсынылған құжаттарды беруді тіркегеннен кейін уәкілетті лауазымды адам кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтағанға дейін Кодекстің 231-бабының 7-тармағында көзделгеннен аспайтын мерзімде, электрондық кедендік алып жүрумен келген көлік құралын кедендік қарап тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қарап тексеру актісі жасалады (межелі кеден органында жасалады).

      Салынған навигациялық пломбалар мен көлік құралының жүк бөліктерінің тұтастығы, көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде штаттан тыс жағдайлар, сондай-ақ тауарларға рұқсатсыз қол жеткізу іздері туралы ұлттық оператордан ақпарат болмаған жағдайда межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы көлік құралын электрондық кедендік алып жүруді аяқтайды.

      Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді аяқтау үшін уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 231-бабының 7-тармағында көзделген мерзімдерде ұлттық операторға навигациялық пломбаны өшіру қажеттігі туралы ақпаратты жібереді, содан кейін көлік құралының жүк бөлігінің бекіту құрылғысынан пломбаны алып тастайды.

      Ұлттық операторға жіберілетін ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) навигациялық пломбаның бірегей нөмірі,

      2) транзиттік декларацияның нөмірі,

      3) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі.

      14. Ұлттық оператор осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бір сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде навигациялық пломбаны өшіреді.

      Көлік құралының жүк бөлігінің бекіту құрылғысынан навигациялық пломбаларды алып тастау межелі кеден органының кедендік бақылау аймағында жүзеге асырылады.

      15. Кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша келген тауарлар транзиттік декларацияда көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерге сәйкес келмейтіндігі анықталған, оған сәйкес тауарлар жеткізу орнына не жүру жолында осы тауарларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер (ауыстыру, санының (сапасының) өзгеруі) жасалғаны не ұлттық оператордан көлік құралын электрондық кедендік алып жүру процесінде штаттан тыс жағдай туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу тәуекелінің жоғары деңгейі санатына жатады.

      Мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 231-бабының 8-тармағында көзделген мерзімдерде электрондық кедендік алып жүрумен келген көлік құралына кедендік жете тексеріп қарау жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша кедендік жете тексеріп қарау актісі (межелі кеден органында жасалады) жасалады.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі

      16. Мемлекеттік кірістер органы ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды.

      Осындай өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік кірістер органы:

      ұлттық операторға көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану/аяқтау туралы шешім қабылдау туралы ақпаратты жеткізеді;

      осы Қағидалардың 8 және 13-тармақтарында көрсетілген ақпарат негізінде навигациялық пломбалардың салынуын/жойылуын қамтамасыз етеді;

      ұлттық оператор:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік береді;

      осы Қағидалардың 8 және 13-тармақтарында көрсетілген ақпарат негізінде навигациялық пломбаларды іске қосуды/өшіруді қамтамасыз етеді;

      осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдана отырып өткізілетін көлік құралы және тіркелген штаттан тыс жағдайлар туралы мәліметтерді жеткізеді.

      17. Мемлекеттік кірістер органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантымен және тасымалдаушымен өзара іс-қимыл жасайды.

      Осындай өзара іс-қимыл шеңберінде:

      мемлекеттік кірістер органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантына және тасымалдаушыға көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану/аяқтау туралы шешім қабылдау туралы ақпаратты жеткізеді;

      кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларанты және тасымалдаушы осы Қағидалардың 7 және 13-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

      18. Ұлттық тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантымен және тасымалдаушымен өзара іс-қимыл жасайды.

      Осындай өзара іс-қимыл шеңберінде:

      ұлттық оператор Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантымен және тасымалдаушымен навигациялық пломбаларды қолдана отырып, көлік құралын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады