Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 шілдеде № 23462 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.05.2022 № 135 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 3 шілдедегі
№ 201 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне қосылған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына және 1-1-тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне қосылған жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық тұрғыда байланысты қызметке мыналар жатады:

      1) мыналарға:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 80 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жануарлар ауруларының қоздырғыштарын диагностикалау әдістерін пайдалана отырып, жануардың организміне инфекцияның (инвазияның) өзіне тән қоздырғышын енгізу салдарынан туындайтын және жануардан жануарға және адамға берілетін жануарлардың жұқпалы ауруларына;

      былғары, қой терісі, құрама елтірі және түбіт-тері шикізатына "Жануарлар. Сібір жарасын зертханалық диагностикалау әдістері" 3511 ҚР СТ-ға сәйкес Асколи әдісімен сібір жарасына;

      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың бақылауына жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер мен биологиялық материалға зертханалық зерттеулер жүргізу;

      2) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүргізетін міндетті және қосымша зерттеулердің тізбесі бойынша жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа;

      жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, азықтар мен азықтық қоспалардың қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;

      3) Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ветеринариялық зертханаларының, сондай-ақ облыстар мен аудандарда құрылатын оның филиалдарының өлшем құралдарын тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;

      4) жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды дезинфекциялау сапасын бактериологиялық зерттеу;

      5) Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ветеринариялық зертханаларының, сондай-ақ облыстар мен аудандарда құрылатын оның филиалдарының биологиялық қалдықтарын кәдеге жарату және жою.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады