I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23966 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 148-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

      реттеу және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 323 Бұйрығымен бекітілген

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысаны

      №__________________

      ____________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      заңнамаға сәйкес құрылған заңды тұлға

      ____________________________________________________________________________,

      (мекеме елі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары\ өкілдіктері үшін),

      банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге асыратын (Қазақстан Республикасы немесе шетелдік банктің екінші деңгейдегі банкпен берілген кепілдік үшін) № ____________,___________________________ жыл,

      берілген_________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________,

      (лицензияның нөмірі мен күні, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы),

      жеке кредиттік рейтингі бар (акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа түсетін шетелдік банк немесе ұйым беретін кепілдік үшін)

      __________________________________________________________________________

      (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтинг)

      орналасқан орны, мекенжайы: _________________________________________,

      (пошта индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      (бұдан әрі – Кепілгер) негізінде қызмет істейтін

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы және толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      негізінде әрекет ететін ________________________________________________,

      (жарғы немесе басқа құрылтай құжаты, сенімхат, күні мен нөмірі)

      осы Кепілдік (бұдан әрі – Кепілдік) міндеттемелерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Бенефициар) атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының пайдасына қайтарып алынбайтын және сөзсіз төлем міндеттемесін өзіне қабылдайды

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), азаматтығы, туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе I санаттағы объектінің операторы болып табылатын заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.)

      (бұдан әрі - I санаттағы объектінің операторы) пайдалану салдарын жою

      бойынша _____________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер ететін объектінің атауын көрсету керек)

      (бұдан әрі -I санаттағы объект) Бенефициардың бірінші жазбаша талабы (бұдан әрі – Талап) бойынша жиынтығында мыналардан аспайтын кез келген сома

      ____________________________________________________________________

      (сомасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің №_________________________________бұйрығымен бекітілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасы шегінде жазумен жазылады)______ № _____ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № болып тіркелген) (бұдан әрі-Әдістеме))

      (бұдан әрі – Кепілдік сомасы) мына шарттарда:

      1. Осы Кепілдікте, егер өзге тікелей көзделмесе, сөз бен айтылуы Қазақстан Республикасының Кодексімен және азаматтық заңнамасымен көзделген мағынасы бар.

      2. Осы Кепілдік тек Бенефициардың талабы негізінде орындалуға жатады:

      1) пайдалануды тоқтату I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттеменің туындауына әкеп соққан I санаттағы объектіні көрсету;

      2) I санаттағы объект операторы Кодекстің 145-бабының 1-тармағында көзделген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын көрсету;

      3) кепілдік сомасы шегінде төленуге жататын сома жазумен көрсетіледі;

      4) талап етілетін сома төленетін Қазақстан Республикасының қазынашылық органындағы Бенефициардың есебі;

      5) талаптағы бланкте белгіленген үлгіде Бенефициар хатының күні мен нөмірі;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті тұлғаның лауазымы, толық аты, тегі және әкесінің аты (бар болған жағдайда), Бенефициарды ұсыну, оның қолы және Бенефициар мөрінің бедері.

      3. Бенефициар Кепілдік сомасы шегінде осы Кепілдік бойынша бір немесе бірнеше Талаптарды жіберуге құқылы.

      4. Кепілгер Бенефициардың талаптарына қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

      5. Бенефициардың осы кепілдік бойынша талабы электрондық поштамен жіберілуі немесе кепілгердің орналасқан жері бойынша жеке тапсыруы қажет.

      6. Кепілгердің осы Кепілдік бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамауы мерзімі өткен әрбір күн үшін талап шеңберінде төленбеген соманың 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етіледі.

      7. Кепілгер осымен Кепілгер мен I санаттағы объектінің операторы немесе үшінші тұлға арасындағы кез келген келісім Кепілгерді осы Кепілдік бойынша міндеттемелерден босатпайтындығына келіседі.

      8. Осы Кепілдік бойынша Кепілгердің міндеттемесі Бенефициар алдында Кепіл сомасымен шектеледі.

      9. Осы Кепілдік Қазақстан Республикасының заңнамасына және талап бойынша Кепілдер үшін біріздендірілген қағидаларына бағынады ("Uniform Rules for Demand Guarantees") МТП № 758 жарияланым, 2010 жылғы редакциясы.

      10. Осы Кепілдік Кепілгер берген күннен бастап қолданылады және мынадай оқиғалардан бұрын келіп түскен кезінен қолданысы тоқтатылады:

      1) I санаттағы объект операторының Кепілгерге орындалуы осы Кепілдікпен қамтамасыз етілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі I санаттағы объект операторының міндеттемесінің толық орындалғаны туралы куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы;

      2) күннің басталуы "__"__________20__ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес I санат объектісін пайдалану салдарын жою жөніндегі I санат объектісі операторының осы кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемесі тиісті орындалмаған жағдайда, егер көрсетілген мерзімде Бенефициар Кепілгерге талап қоймаса, бір жыл өткен күнге соң;

      3) оператор I санат объектісін үшінші тұлғаның меншігіне немесе өзге де заңды пайдалануына берген жағдайда, егер мұндай тұлға Кодекске сәйкес Бенефициарға I санат объектісін пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған болса, Бенефициардың Кепілдік бойынша міндеттемелерден босату туралы қол қойылған өтінішін Кепілгерге табыс ету.

      11. Осы кепілдік бойынша жүргізілген барлық төлемдер тиісті талапта көрсетілген шотқа жүзеге асырылады. Осы кепілдікте көзделген кепілгердің міндеттемелері бенефициардың талаптарында көрсетілген ақшаны Қазақстан Республикасының қазынашылық органдарындағы бенефициардың тиісті шотына толық көлемде аударған кезден бастап орындалған болып есептеледі.

      12. Кепілдік сомасы Бенефициардың келісімімен ғана азаяды.

      Кепілгер бенефициардың келісімінсіз кепілдік сомасын ұлғайтады. Бұл жағдайда кепілгер бұл туралы дереу жазбаша, электрондық поштамен хабардар етеді немесе бенефициардың орналасқан жері бойынша жеке тапсырады.

      санаттағы объектінің операторы туралы мәліметтер өзгерген жағдайда Кепілгер Бенефициардың келісімімен Кепілдікті өзгертеді.

      13. Осы Кепілдік ________________________________________

      ("толық" немесе "ішінара" деп көрсету қажет. Егер Кепілдік Әдістемеге сәйкес қалыптастырылған қамтамасыз етудің барлық сомасын өтейтін қамтамасыз етудің жалғыз тәсілі болып табылса, "толық" деп көрсету қажет. Өзге жағдайларда "ішінара" көрсету қажет) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету, орындау сомасын жабады.

      14. Осы Кепілдікке байланысты, Кепілгер мен Бенефициар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттеуге жатады.

      15. Осымен Кепілгер, төменде қол қоюшылар Кепілгер атынан осы Кепілдікке қол қоюға толық құқығы бар екендігін растайды.

      16. Осы Кепілдік қазақ және орыс тілдерінде (шетелдік заңды тұлға Кепілдік берген жағдайда өзге тілді көрсету керек) үш түпнұсқа данада – Бенефициар, I санаттағы объектінің операторы үшін бір данадан беріледі және осы Кепілдіктің бір данасы Кепілгерде сақталады.

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ___________________________________________________________________

      (Кепілдікке қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжаттың атауы, нөмірі (бар болса) және күні)

      _____________________

      (қолы)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      Кепілдік берілген күні: "_____" ____________ 20___ жыл

      Берілетін орны: _____________________________________________________

      (қала, Қазақстан Республикасы /ел (шетелдік заңды тұлғалар үшін))

      Ескертпе:

      Шет тілінде жасалған Кепілдік дұрыстығын нотариалды куәландыруға тиіс, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады