Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 тамыздағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24040 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің м.а.
С. Кожаниязов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 16 тамыздағы
№ 329 бұйрығына
қосымша

Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2021 жылғы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 143-бабының, 2-тармағына сәйкес әзірленді және тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді айқындайды.

      Көрсетілген қағидаларды бұзу "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады.

      2. Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бұрынғы қызметтің нәтижесінде, оның ішінде антропогендік қызметтің алуан түрлері әсер етуінің жиынтығы нәтижесінде туындаған, суларға және (немесе) жерлерге келтірілген, жою жөніндегі міндеттері орындалмаған не толық көлемде орындалмаған, жинақталған экологиялық залал тарихи ластану деп танылады;

      2) тарихи ластану анықталған аумақтар мен акваториялар немесе олардың жекелеген учаскелері, сондай-ақ тарихи ластану көзі болып табылатын иесіз күрделі құрылыс және қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері тарихи ластану объектілері деп танылады;

      3) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі электрондық дерекқор болып табылады, онда тарихи ластану объектілерін бағалау нәтижелері бойынша ақпаратты қоса алғанда, анықталған тарихи ластану объектілері туралы мәліметтер жиналады.

      4) объектінің экологиялық сезімталдығы – қоршаған орта объектілерін олардың экологиялық құндылығын сипаттайтын бағалау параметрі, сондай-ақ ластану кезінде қорғау мен тазартудың басымдығын айқындау мақсатында маусымдылықты ескере отырып, олардың сезімталдық индексі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тарихи ластану объектілерін анықтау тәртібі

      3. Тарихи ластану объектілерін анықтау бұрын антропогендік қызмет жүзеге асырылған және (немесе) күрделі құрылыстың иесіз объектілері және (немесе) қалдықтарды сақтаудың немесе көмудің иесіз объектілері орналасқан аумақтар мен акваторияларды түгендеу және зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      Кодекстің 143-бабының 3-тармағына сәйкес тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластанудың жекелеген объектілерін анықтауды және бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарды тартады.

      4. Тарихи ластану объектілерін түгендеу үшін келесі критерийлер пайдаланылады:

      тарихи ластану объектісінің меншік иесі жоқ (иесіз объект);

      тарихи ластану объектісі мемлекеттік, коммуналдық меншікте болады;

      тарихи ластану объектісі жұмыс істеп тұрған шаруашылық қызмет субъектісінің аумағында (немесе оған іргелес аумақта) орналасқан, бірақ тарихи ластанудың нақты кінәсі (заңды немесе жеке тұлға) ластанудың бес жыл ескіру мерзіміне байланысты анықталмайды немесе жауапкершілікке тартылмайды. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Кодекстің және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің нормаларына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      5. Тарихи ластану объектілерінің типтері:

      1) тарихи ластанулар анықталған аумақтар мен акваториялар немесе олардың жекелеген учаскелері;

      2) күрделі құрылыстың иесіз объектілері;

      3) тау-кен өндіру, тау-кен өңдеу өндірістерінің шаруашылық қызметі нәтижесінде бұзылған аумақтар жатады;

      4) мұнай өнімдерімен ластанған аумақтар жатады;

      5) өңдеуші өнеркәсіптің тарихи ластану объектілері;

      6) ескірген пестицидтерді, тыңайтқыштарды сақтау (қоймаға жинау), орналастыру орындары;

      7) ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, тұрақты органикалық ластағыштармен (тол), радиоактивті заттармен және басқа да ластаушы заттармен ластанған қоныстану аумақтары;

      8) ластанған және ықтимал ластанған тарихи ластану объектілерін анықтау мынадай кезеңдерге бөлінеді:

      1) ластанған және ықтимал ластанған объектілердегі қызмет туралы тарихи және өзекті ақпаратты жинау және құжаттау (ғарыш түсірілімдерін дешифрлеуді қоса алғанда);

      2) бар ластануларды және ластанудың қоршаған ортаға әсерін алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін талдау және құжаттау;

      3) аумақтың ластануға сезімталдығын сипаттайтын экологиялық, географиялық және геологиялық ақпаратты талдау және құжаттау;

      4) ластанған және ықтимал ластанған тарихи ластану объектілерінің тізбесін әзірлеу.

      9) өндіріс және тұтыну қалдықтарын иесіз сақтау немесе көму орындары (тасталған полигондар, үйінділер, күл үйінділері, шламжинағыштар және т.б.).

      6. Ластанған және ықтимал ластанған тарихи ластану объектілерін анықтау келесі кезеңдерге бөлінеді:

      7. Тарихи ластану объектілері және ықтимал ластанған орындар туралы ақпарат тікелей немесе жанама болып табылады:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелердің статистикалық және ведомстволық есептері, есептері мен материалдары, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының иелігіндегі материалдар, ғылыми институттар, сондай-ақ басқа да мекемелер орындаған зерттеулер мен материалдар;

      2) карталар мен ғарыштық суреттер;

      3) құрылысқа рұқсат, құрылыс жобалау құжаттамасы;

      4) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері, аумақтық дамуды жоспарлау құжаттары;

      5) аумақтар мен акваторияларға жүргізілген зерттеулердің материалдары;

      6) объектіге бару барысында алынған материалдар.

      8. Ластанған және ықтимал ластанған тарихи ластану объектілері туралы жанама ақпарат жарияланымдардан, сондай-ақ халықтың, жұртшылықтың интернет-портал және әлеуметтік желілер арқылы өтініштерінен алынады. Жанама әдіспен тарихи ластану объектісі туралы алынатын ақпараттың анықтығын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары тексереді.

      9. Экономикалық қызмет және экологиялық сезімталдық параметрлері туралы тікелей ақпаратты талдау кезінде экономика саласы, сондай-ақ өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіру арқылы ластануды тудыратын химиялық заттар мен химиялық өнімдерді сақтау, сату және өңдеуді қоса алғанда, өндірістік процестер, өндіріс технологиясы, кәсіпорынның қуаты, топырақтың, топырақтың немесе жер асты суларының ластануы ескеріледі.

      10. Карталарды зерттеу және бағалау әдісі қоршаған ортаның ластануымен байланысты әртүрлі объектілерді анықтауға негізделген. Үш жылдық карталарды салыстыру және зерттеу арқылы объектілер ауданының динамикасы және пайдалану кезеңі анықталады. Тақырыптық карталар (оның ішінде геологиялық) ластанған немесе ықтимал ластанған учаскедегі қоршаған орта жағдайларын сипаттау үшін пайдаланылады.

      11. Ғарыштық суреттерді бағалау әдістемесі космофотосуреттердің шифрын шешуге және стереомодельді (жердің кеңістіктік бейнесін) зерттеуге негізделген. Үш өлшемді сурет стереоскоптың көмегімен космофотосуреттерді қарау арқылы алынады. Тарихи ластану объектісінің даму динамикасын бағалау үшін әртүрлі жылдардағы космофотосуреттер қолданылады.

      12. Ластанған және ықтимал ластанған тарихи объектілерді анықтаған кезде 1:25000 және одан да көп масштабтағы қолда бар карталарды пайдалану керек.

      13. Карталарда табылған объектілер келесі топтарға бөлінеді:

      1) ластанған аумаққа жататын тарихи объектілер (оның ішінде бұрынғы зауыттар, сынақ полигондары, станциялар, қоймалар және т. б.).

      2) ластанудың таралуына ықпал етуі мүмкін объектілер (қоқыс тастайтын жерлер, карьерлер, шлам жинақтағыштар, күл үйінділері және т. б. қоса алғанда);

      14. Тарихи ластану объектісіне барудың мақсаты объектінің орналасқан жерін анықтаудың дұрыстығын айқындау, объектіні көзбен бағалау, сондай-ақ қосымша ақпарат жинау болып табылады.

      15. Объектінің тұрғындарына немесе қызметкерлеріне сауалнама жүргізу кезінде осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тікелей ақпарат жинақталған объектілер туралы қосымша ақпарат және тікелей ақпарат жоқ объектілер туралы ақпарат жиналады.

      16. Объектінің тұрғындарына немесе қызметкерлеріне сауалнама жүргізу кезінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жанама ақпарат жиналған объектілер туралы және жанама ақпарат жоқ объектілер туралы қосымша ақпарат жиналады.

      17. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ықтимал ластанған тарихи объект туралы алынған ақпаратты жинайды, объект туралы, ықтимал ластану және экологиялық сезімталдық туралы жалпы ақпаратты қамтитын 1-қосымшаға сәйкес нысанды толтырады.

      18. Зерттеп-қарау барысында келесі ақпарат алынады:

      1) тарихи ластанудың орналасқан жері (қала, облыс, аудан);

      2) тарихи ластану объектісінің шекаралары, объектіні пайдалану процесінде олардың өзгеруі;

      3) пайдаланылған технология, кәсіпорынның қуаты;

      4) объектіде жиналып қалған өндірілетін өнім мен қалдықтардың тізбесі;

      5) объектінің нақты пайдалануға берілген және объектінің жабылған күні;

      6) тарихи ластану объектісі әсерінің шекаралары өзгерді ме;

      7) тұрғындардың тарихи ластану объектісінің жұмысына және теріс әсердің алдын алу үшін не істелгені туралы шағымдардың, ескертулердің, хабарламалардың тізбесі;

      8) тарихи ластану объектісінде болған авариялардың тізбесі мен сипаттамасы;

      9) судың, топырақтың сапасы;

      10) объектіде ластану белгілері байқала ма – иісі, түтіні, химиялық заттың ағуы немесе қауіпті қалдықтардың орналастырылуы.

3-тарау. Тарихи ластану объектілерін бағалау тәртібі

      19. Ықтимал ластанған тарихи объектілердің қауіптілігін бағалау кезінде мыналарды ескеру қажет:

      1) пайдаланылуы ықтимал ластанған учаскені құрған объектінің қауіптілігін сипаттайтын параметрлер (пайдаланылатын химиялық заттар мен химиялық өнімдер, қалдықтар, объектіні пайдалану ұзақтығы, ластаушы заттардың шығарындылары туралы ақпаратты қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті пайдалану мақсаты);

      2) ықтимал ластанған тарихи объектінің экологиялық сезімталдық параметрлері (учаскенің экологиялық, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, су ағындары мен су объектілерінің орналасуын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, қоныстану аймақтарының және т.б. жақындығын қоса алғанда).

      20. Тарихи ластану объектісін бағалау мыналарды қамтиды:

      1) ластаушы заттардың, қалдықтардың түрлері бойынша көлемі немесе массасы;

      2) тарихи ластану объектісі орналасқан аумақтар мен акваториялардың немесе олардың учаскелерінің алаңдары, пайдалануға рұқсат етілген жерлер мен сулардың санаттары мен түрлері;

      3) ластаушы заттардың табиғи ортаның өзге де құрауыштарына қоныс аудару қабілетін, су объектілерінің, оның ішінде ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері болып табылатын су объектілерінің ластану мүмкіндігін, жаңа экологиялық нұқсанның туындау және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін қоса алғанда, қоршаған ортаға теріс әсердің деңгейі мен көлемін айқындау жолымен жүзеге асырылады;

      4) объектіде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көрсетілген қауіпті заттардың Тарихи ластануы болған жағдайларда жол беріледі;

      5) қоршаған ортасы тарихи ластану объектісіне келеңсіз әсер ететін аумақта тұратын халық санының өсуіне жол берілмейді;

      6) қоршаған ортасы қоршаған ортаға жинақталған зиян объектісінен теріс әсер ету қаупі төнген аумақта тұратын халық санына қатысты қолданылмайды.

      21. Ықтимал ластанған тарихи объектілер туралы жиналған ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағаланады.

      22. Тарихи ластану объектілері оларға қатысты тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ өзге де шұғыл шараларды қабылдау бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс басым объектілерді айқындауға арналған санаттарға және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластанудың өзге де объектілеріне қатысты жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезектілігі бөлінеді.

      23. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары он бес жұмыс күні ішінде ықтимал ластанған тарихи объектілерді анықтау және бағалау нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу мақсатында ұсынады.

4-тарау. Тарихи ластану объектілерін есепке алу тәртібі және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу

      24. Тарихи ластану объектілерін есепке алу оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      25. Тарихи ластану объектілерінің талдамалы тізілімі электрондық деректер банкі болып табылады, онда Қағидалардың 9, 16 және 21-тармақтарына сәйкес тарихи ластану объектілерін бағалау нәтижелері жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың шығу тегін, тарихи ластану объектілерінің мүліктік тиесілігін және тарихи ластануды жою жөніндегі қажетті жұмыстарды қоса алғанда, анықталған тарихи ластану объектілері туралы мәліметтер жиналады.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган объектілерді анықтау және бағалау материалдарының негізінде бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырады. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау материалдарын қарау;

      2) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      3) тарихи ластану объектілерін санаттарға бөлу;

      4) тарихи ластану объектісі туралы ақпаратты жаңарту;

      5) тарихи ластану объектілерін мемлекеттік тізілімнен алып тастау жатады.

      26. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

      Объектіні тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу мынадай іс-қимылдарды көздейді:

      1) объектіні Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы өтініш беру. Өтініш беруші (ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органы) осы құжатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жазбаша нысанда ұсынады. Өтініште мыналар көрсетіледі:

      а) объектінің атауы (бар болса);

      б) оның нақты орналасқан жері;

      в) объектіге меншік құқығы туралы мәліметтер.

      Өтінішке объектіні анықтау және бағалау материалдары, оның ішінде ол туралы негізгі мәліметтер қоса беріледі.

      2) объектіні Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу (енгізбеу) туралы шешім қабылдау жатады.

      Өтініш беруші ұсынған материалдарды қарау нәтижелері негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде объектіні Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Дәйексіз ақпаратты және (немесе) материалдарды ұсыну, сондай-ақ қажетті мәліметтерді ұсынбау бас тарту үшін негіз болып табылады.

      3) Тарихи ластану объектісін санаттарға бөлу болып табылады.

      Бұл рәсімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тарихи ластану объектілерін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезектілігін негіздеу және шұғыл шаралар қабылдау үшін жүзеге асырады. Тарихи ластану объектілерін жою үшін басым объектілерді бөлу өлшемдерін және санаттарға бөлу мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      4) Объект туралы ақпаратты өзектілендіру кезінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу жатады.

      Өтініштегі және (немесе) материалдардағы ақпарат өзгерген жағдайларда, түзетулер Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

      Өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тарихи ластану объектісі туралы өзектілендірілген ақпаратты жібереді, ал соңғысы өтініш берушіден ол келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде объект туралы ақпаратты жаңарту туралы шешім қабылдайды және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.

      Объектіні Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімінен шығару өтініш беруші ұсынған, объектідегі Тарихи ластанудың жойылғанын растайтын орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады. Шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көрсетілген акт ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды. Өтініш беруші объектідегі Тарихи ластану объектілерінің жойылғанын растайтын өтінішті, объект туралы ақпаратты және орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актіні салу тізімдемесімен және табыс етілгені туралы хабарламамен пошта арқылы уәкілетті органға жібереді.

      Тарихи ластану объектілерін санаттарға бөлу Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген объектілерге қатысты жүргізіледі. Бұл үшін тарихи ластану объектілерін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезектілігін негіздеу және шұғыл шаралар қабылдау мақсатында олардың экологиялық қауіпсіздік жай-күйіне әсері салыстырылады. Тарихи ластану объектілерін санаттау нәтижелері бойынша бірінші кезекте жоюға жататын объектілер бөлінеді.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      27. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімінде Тарихи ластану объектілерінің мәтіндік және графикалық дерекқорын қалыптастырады.

      28. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

  Тарихи ластану объектілерін
анықтау, бағалау және есепке
алу, оның ішінде тарихи ластану
объектілерінің мемлекеттік
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Ықтимал ластанған объектілерді анықтау нәтижелері

      1-кесте Тарихи ластану объектісі туралы жалпы ақпарат

Ластану учаскесінің атауы


Тіркеу нөмірі


Ортофотожоспарлар
номенклатурасы


Ақпарат көзінің атауы

Жыл












Координаттар:






енділігі

*

I

II









бойлығы

*

I

II

Ақпарат көздеріне ескертпе

Облыстың мекенжайы:



Аудан


Қала


қала ауданы


көше, үй


Ластану уақытының жалпы белсенді кезеңі


*

Объектінің ластанған немесе ықтимал ластанған учаскесінің санаты


*

Объектінің толық сипаттамасы


Ең жақын тоған, көл....... м

*

Ең жақын өзен, ағын....... м

*

Геологиялық жағдай

*

Жерасты сулары ....... м

*

Ең жақын құдық....... м

*

Ең жақын ғимарат........ м

*

Объектілердің экологиялық сезімтал аймақта орналасуы (мектеп, балабақша, бақша, аурухана)

*

Аумақтық жоспарға сәйкес объект орналасқан аумақты пайдалану мақсаты

*

Объектінің мақсаты

*

Жер учаскесінің (ғимараттың) меншік иесі

*

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Күні

Нысанды толтырған

*

Ақпарат көзінің тізіміне сәйкес ақпарат көзінің нөмірі

      2-кесте. Архивті бағалау

Объектінің атауы, иесі

Ауданы, км2

Саласы

Коды

Уақыты

Ақпарат көзінің №















      3-кесте. Ластағыш заттар

Заттың атауы

Өндіріс немесе пайдаланылған, жылына/т

Аумақта барлығы, т









      4-кесте Ластанған аумақ туралы ақпарат

Ластанған аумақ

Ауданы, км2

Ластанутереңдігі, м





      5-кесте. Жер үсті суларының ластануы

Ластағыш

көлемі мг/л

Анықтау әдісі

ШРК арту еселігі











      6-кесте. Жер асты суларының ластануы

Ластағыш

көлемі мг/л

Анықтау әдісі

ШРК арту еселігі











      7-кесте. Топырақтың ластануы

Ластағыш

көлемі мг/л

Анықтау әдісі

ШРК арту еселігі











      8-кесте. Ғарыштық суреттер мен карталар туралы ақпарат

Ақпарат көзінің нөмірі

Ғарыштық суреттер мен карталар жылы

Масштаб

Ғарыштық суреттегі немесе картадағы объектінің кескінінің сипаттамасы


























  Тарихи ластану объектілерін
анықтау, бағалау және есепке
алу, оның ішінде тарихи ластану
объектілерінің мемлекеттік
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Ықтимал ластанған объектілерді анықтау нәтижелерін бағалау және тарихи ластану объектілерін санаттау Ықтимал ластанған учаскелерді анықтау нәтижелерін бағалау

      1-кесте. Ластаушы қызмет кезеңінің ұзақтығы (ең жоғары - 10 балл)

Объектініңқолданылумерзімі, жылдар

Балл саны

1.

<10

3

2.

10-30

6

3.

30-50

8

4.

>50

10

5.

Белгісіз

10*

      2-кесте. Ауданы (ең жоғары - 5 балл) (қалдыру керек)

Ауданы, км2

Балл саны

1.

<2500 км2

2

2.

2500-5000 км2

3

3.

5000-10000 км2

4

4.

>10000 км2

5

5.

Белгісіз

3*

      3-кесте. Объектіде пайдаланылатын, сақталатын және түзілетін заттар мен қалдықтардың қауіптілік дәрежесі (ең жоғары – 5 балл)

Заттар* мен қалдықтардың** қауіптілігінің жіктемесі

Балл саны

1.

Пайдаланылатын және объектіде сақталатын заттар қауіпті емес

2

2.

Пайдаланылатын және объектіде сақталатын заттар қауіпті

5

3.

Пайдаланылатын және объектіде сақталатын қалдықтар қауіпті емес

2

4.

Пайдаланылатын және объектіде сақталатын қалдықтар қауіпті

5

      Заттардың қауіптілігі химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы ЕАЭО ТР № 41 химиялық өнімнің сыныптамасына сәйкес айқындалады ** Қалдықтардың қауіптілігі қалдықтар жіктеуішіне сәйкес анықталады

      4-кесте. Заттар мен қалдықтарды субъектінің аумағында сақтау (ең жоғары - 10 балл)

Аумақта қауіпті химиялық заттарды, химиялық өнімдер мен қалдықтарды жинау

Балл саны

1.

1 тоннадан артық жинау

10

2.

1 тоннадан аз жинау

5

3.

Аумақта сақталмайды, өндіріс үшін 5 тонна мөлшерінде әкелінеді

2

4.

Белгісіз

5*

      5-кесте. Зерттеп-қарау және сол жерде сауалнама алу (ең жоғары 20 балл)

Бақылаужәне ақпарат

Балл саны

1.

Учаскеде ластанудың таралуына ықпал ететін құрылымдар немесе техникалық құрылымдар бар (мысалы, дренажды каналдар, ұңғымалар, жерге көлденең орналастырылған жабдықтар)

3

2.

Учаскеде қатты (асфальт, бетон) бет жоқ немесе ол қатты зақымдалған

3

3.

Учаскеде су қоймаларында, су ағындарында немесе оларға жақын жерлерде визуалды ластану байқалады

5

4.

Учаскеде топырақтың ластануы визуалды байқалады

5

5.

Учаскеде орналасқан жабдық бүлінген (мысалы, қалдықтар мен химикаттарды сақтауға арналған контейнерлер, технологиялық жабдық ескірген және бүлінген)

5

6.

Ерекше иіс сезіледі

5

7.

Ластанудың өсімдіктерге әсері байқалады

5

8.

Облыстың, қаланың, ауданның денсаулық сақтау басқармасы денсаулық проблемалары туралы маңызды және дұрыс ақпарат берді немесе облыстың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осы учаскедегі қоршаған орта туралы ақпарат берді

5

9.

Жоғарыда аталмаған басқа да маңызды бақылаулар

5

      6-кесте. Учаскедегі қауіпті бағалау ***

балл сомасы

Түсіндірме

1.

30-ға дейін

Объект қауіпті емес

2.

30-дан жоғары

Объект қауіпті

      *** Объектінің қауіптілігін бағалау осы Қосымшаның 1, 2, 3, 4 және 5-кестелеріне сәйкес сипаттамаға сәйкес балдарды қосу арқылы алынады. Егер объект осы қосымшаның 6-кестесіне сәйкес қауіпті деп танылмаса, учаске ықтимал ластанған болып табылмайды және одан әрі есептеулер жүргізілмейді. Егер объект осы қосымшаның 6-кестесіне сәйкес қауіпті деп танылса, онда учаскенің ықтимал ластанғанын анықтау үшін осы Қосымшаның 7, 8, 9, 10, 11 және 12-кестелеріне сәйкес қоршаған ортаның сезімталдығын бағалау қажет.

      7-кесте. Жергілікті атқарушы органның аумақтық жоспарына сәйкес объект орналасқан аумақты пайдалану (ең көбі - 10 балл)

Учаскенің сипаттамасы

Балл саны

1.

Тұрғын аумағы

10

2.

Ауыл шаруашылық жері

10

3.

Өнеркәсіптік өндірістер мен қоймалар аймақтары, порттық және көлік магистральдары аймақтары

8

4.

Жасыл аймақ, табиғи аумақтар және көгалдандырылған аумақтар

7

5.

Спорт және демалыс кешендері, қоғамдық ғимараттар

6

6.

Қалалардың немесе елді мекендердің мұқтажы үшін пайдаланылмайтын аумақтар, резервілік аумақтар

5

      8-кесте. Жергілікті атқарушы органның аумақтық жоспарлауына сәйкес әлеуетті ластанған учаскеге тікелей жақын орналасқан аумақты пайдалану (еңжоғары - 15 балл)

Ластанған немесе ықтимал ластанған аумақтан 500 м радиуста орналасқан объектілер

Балл саны

1.

Балабақша, ойын алаңы немесе мектеп, аурухана

3

2.

Тұрғын аумағы

3

3.

Ауыл шаруашылығы немесе ауыл шаруашылығы алқаптары

4

4.

Спорт және демалыс кешендері

3

5.

Табиғат қорғау аумағы

4

6.

Ауыз су өндіру орындары

15

7.

Жоғарыда аталған объектілердің ешқайсысы

0

      9-кесте. Топырақ түрі (ең жоғары-10 балл)

Топырақ түрі

Балл саны

1.

Балшық

2

2.

Қиыршық тас

10

3.

Құм

9

4.

Шымтезек

4

5.

Балшық

6

6.

Балшық құм

7

7.

Белгісіз

5*

      10-кесте. Ызасулардың деңгейі (ең жоғары- 5 балл)

Ызасулардыңдеңгейі

Балл саны

1.

<1 м

5

2.

1-5 м

4

3.

5-10 м

3

4.

>10 м

2

5.

Белгісіз

5*

      11-кесте. Жер үсті сулары объектілерінен ықтимал ластанған учаскелерді табу қашықтығы (ең жоғары 10 балл)

Жерүсті су объектілерінен ластанған учаскелерге дейінгі қашықтық

Балл саны

1.

Мұндай объектілер ластанған учаскенің аумағында орналасқан

10

2.

Мұндай объектілер 100 м-ге дейінгі қашықтықта орналасқан

8

3.

Мұндайобъектілер 100 - 300 м қашықтықта орналасқан

6

4.

Мұндайобъектілер 300-500 м қашықтықта орналасқан

4

5.

Мұндайобъектілер 500 м-ден астам қашықтықта орналасқан

2

6.

Жақын жерде жер үсті сулары жоқ

0

      12-кесте. Қоршаған ортаның экологиялық сезімталдығын бағалау

балл сомасы

Түсіндірме

1.

20-ға дейін

Қоршаған ортаның төмен экологиялық сезімталдығы-аумақ ластанудан қорғалған (немесе тұрақты)

2.

20-30

Қоршаған ортаның орташа экологиялық сезімталдығы-аумақ ластанудан ішінара қорғалған, тиісті жағдайларда топырақ жамылғысының, жер асты және жерүсті суларының ластануы таралуы мүмкін.

3.

30-дан астам

Қоршаған ортаның жоғары экологиялық сезімталдығы- аумақ қорғалмаған

      13-кесте. Ықтимал ластанған жерлерді жалпы бағалау

балл сомасы

Түсіндірме

1.

50-ден астам

1-санат-учаске ықтимал ластанған

2.

50-ге дейін

2-санат-сайт ықтимал ластанған, бірақ ластанудың деңгейі мен әсері аз

3.

40-ге дейін

3-санат-учаске әлеуетті ластанған болып табылмайды

      **** Ықтимал ластанған жерлерді жалпы бағалау осы қосымшаның 6 және 12-кестелеріне сәйкес тармақтарды қосу жолымен алынады.

  Тарихи ластану объектілерін
анықтау, бағалау және есепке
алу, оның ішінде тарихи ластану
объектілерінің мемлекеттік
тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысаны

Тарихи ластану объектісінің атауы және орналасқан жері

Экономикалық қызмет саласы

Тарихи ластану объектісінің меншікиесі

Тарихи ластануобъектісінің жұмыс уақыты

Тарихи ластану объектісініңшекаралары мен ауданы

Тарихи ластануобъектісінің санаты

Жылжымайтын мүліктіпайдалану мақсаты (бар болса)

Жер учаскесінің кадастрлық белгіленуі

Қауіптөніп тұрған көршіобъектілер

Қалдықтардың түрлері, оның ішінде тарихи ластану объектісіндегі химиялық заттар

Ластаушы заттардың ШРК,

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


















































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады