Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 қазанда № 24604 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 176-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрқұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 394 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және бақылау субъектілері экологиялық заңнаманың талаптарын бұзу нәтижесінде алған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін белгілейді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алған экономикалық пайда (бұдан әрі – экономикалық пайда) – бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде ақша қаражатын үнемдеу немесе кіріс (түсім) алу түріндегі артықшылықты алуы;

      2) бақылау субъектілері – қызметіне мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      3. Экономикалық пайданың сомасын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) айыппұл салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда, осы Әдістемеге сәйкес айқындайды, оның мөлшері экономикалық пайда сомасының пайызымен көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар оны жасағаны үшін айыппұл салу көзделген, мөлшері экономикалық пайда сомасының пайызымен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзімде материалдарды жинауды және талдауды жүргізеді, осындай бақылау субъектісінен қажетті ақпаратты сұратады және экономикалық пайда сомасын айқындайды.

      5. Бақылау субъектісінің кіріс (түсім) алуы түріндегі экономикалық пайда сомасы оны алу қоршаған ортаға теріс әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін міндетті болып табылған кезде не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз экологиялық рұқсатсыз қоршаған ортаға антропогенді әсер етуді жүзеге асыру фактісі анықталған кезде айқындалады.

      6. Жасалғаны үшін ӘҚБтК-нің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айыппұл салу көзделген, мөлшері экономикалық пайда сомасынан пайызбен көрсетілген өзге, осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілгендерден басқа әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде экономикалық пайда сомасын бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде ақша қаражатын үнемдеу (бұдан әрі – ақша қаражатын үнемдеу) түрінде айқындайды.

      7. Ақша қаражатын үнемдеу бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының тиісті талаптарын толық және уақтылы сақтаған кезде көтеруге тиіс шығыстарды кейінге қалдыру жолымен не осындай шығыстардан толық жалтару жолымен қалыптасады.

      8. Шығыстарды кейінге қалдыру жолымен ақша қаражатын үнемдеу бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын орындау үшін қажетті біржолғы шығыстарды уақтылы өтемеген жағдайларда туындайды.

      9. Шығындардан жалтару жолымен ақша қаражатын үнемдеу, егер бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтаған кезде, ол белгілі бір кезеңде көтеруге тиіс ағымдағы (кезеңдік) шығыстардан қашқан жағдайларда туындайды

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығыстар созылып кеткен болып табылатын құқық бұзушылық жасалған бүкіл кезең үшін айқындалады.

      10. Бақылау субъектілері экологиялық заңнама талаптарын бұзу нәтижесінде алған экономикалық пайда сомасын айқындау екі сатыда жүзеге асырылады:

      1. экономикалық пайда сомасын есептеу үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің орташа нарықтық құнын, персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды белгілеу үшін ақпарат жинау;

      2. осы Әдістеменің 2-7-тарауларына сәйкес, мөлшері экономикалық пайда сомасының пайызымен көрсетілетін айыппұл салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық түріне байланысты экономикалық пайда сомасын есептеу.

      Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын және осы әдістемені қолданатын лауазымды адамдар экономикалық пайда сомасын айқындау мақсатында қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тиісті мамандарды, сарапшыларды және ұйымдарды тартуға құқылы.

      11. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тиісті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны туралы ақпарат көздері ретінде ресми сұрау салулар жіберу арқылы оларды өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен алынған ақпаратты (прайс-парақтар, коммерциялық ұсыныстар), сондай-ақ ашық қолжетімділіктегі коммерциялық ақпараттың өзге де көздерін пайдаланады.

      Бұл ретте тиісті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің орташа нарықтық құны осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес алынған деректердің орташа арифметикалық мәні бойынша ескеріледі. Орта арифметикалық мән Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті қызметті жүзеге асыруға (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды өткізуге) лицензиялары және (немесе) рұқсаттары бар, ақпаратты сұрату кезінде қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырған, жұмыстарға қатысты – бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламенті, техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы бар кемінде үш кәсіпкерлік субъектісінің және (немесе) ашық қолжетімділіктегі коммерциялық ақпарат көздерінің деректері бойынша белгіленеді.

      Тиісті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар осындай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басқа ұйымдардың өткізуін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ресми сұрау салулар жібереді, ал соңғылары тиісті ақпаратты ерікті тәртіппен ұсынады.

      12. Экономикалық пайда сомасын айқындау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің:

      1) банкроттық немесе тарату сатысында болса;

      2) дәрменсіз борышкерлер тізімінде көрсетіледі;

      3) әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізімінде есепте тұр;

      4) жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілердің тізімінде есепте тұрады;

      5) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде есепке алынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттар талаптарының болуын (болмауын) тексеру мемлекеттік органдардың ашық деректері және (немесе) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде осындай мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жалдамалы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары бойынша ақпарат көздері ретінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жариялайтын экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы жөніндегі тоқсан сайынғы деректерді пайдаланады.

      Жалдамалы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды Кодекстің 136-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қолданылатын салықтарды, зейнетақы және өзге де міндетті аударымдарды ескере отырып есептейді.

      14. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын және осы әдістемені қолданатын лауазымды адамдар экономикалық пайда сомасын айқындау мақсатында қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 331 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24038 болып тіркелген) бекітілген сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту, оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттары айқындалған қағидаларында көзделген тәртіппен және жағдайларда тиісті мамандарды, сарапшыларды және ұйымдарды тартуға құқылы.

      15. Экономикалық пайда сомасы теңгемен есептеледі.

      Егер ақша қаражатын үнемдеуге байланысты шығындар шетел валютасының баламасында көзделсе, онда олар әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгеге аударылады.

      16. Егер бақылау субъектісі екі немесе одан да көп құқық бұзушылық жасаса, оларды жасағаны үшін ӘҚБтК айыппұл салуды көздесе, оның мөлшері экономикалық пайда сомасының пайызымен көрсетілсе, экономикалық пайда сомасы әрбір құқық бұзушылық бойынша жеке есептеледі.

      17. Әкімшілік жаза қолдану бақылау субъектісін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 55-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілген жаза қолданылған міндеттерді орындаудан, жол берілген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.

2-тарау. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есептеу

      18. Экологиялық залалды жоятын бақылау субъектісі келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы шығыстарды кейінге қалдыру жолымен ақшалай қаражатты үнемдеу түрінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Рремед.,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Рремед.- экологиялық залалды жоятын бақылау субъектісі орындамаған ремедиациялау бағдарламасына сәйкес ремедиациялау нәтижелері бойынша ремедиациялау (жобалауға, сатып алуға, ремедиация жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шығыстар) және кезеңдік мониторинг жүргізу үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

      Бұл ретте шығындардан жалтару жолымен ақша қаражатын үнемдеу қолданылмайды.

      19. Қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы деректер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген не келтірілген залалды жоятын бақылау субъектісі бекіткен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес күшіне енген сот шешімінің негізінде не сот белгілеген ремедиациялау бағдарламасының негізінде орнатылады.

      Уәкілетті органмен келісілген, немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес күшіне енген сот шешімінің негізінде келтірілген залалды жоятын бақылау субъектісі бекіткен, немесе сот белгілеген ремедиациялау бағдарламасында тиісті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының нұсқауы болған кезде экономикалық пайда сомасы ремедиациялау бағдарламасының деректері негізінде есептеледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген ремедиациялау бағдарламасы болмаған жағдайларда мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тиісті ақпарат жинауды жүзеге асырады және осындай тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің орташа нарықтық құнын осы Әдістеменің 11-13 тармақтарында белгіленген тәртіппен белгілейді.

3-тарау. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын және сарқынды суларды ағызуды тазарту және (немесе) бақылау үшін құрылыстарды немесе жабдықтарды сол бір құрылысқа, жабдыққа, эмиссиялар көзіне қатысты қайта пайдаланбау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есептеу

      20. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын тазарту және (немесе) бақылау және сарқынды суларды ағызу үшін құрылыстарды немесе жабдықтарды (бұдан әрі – құрылыстар, жабдықтар) қайтадан пайдаланбау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы Сол бір құрылысқа, жабдыққа, эмиссиялар көзіне қатысты шығыстарды кейінге қалдыру және (немесе) олардан жалтару жолымен ақшалай қаражатты үнемдеу түрінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Вкейінге қалдыру + Вжалтару,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Вкейінге қалдыру - шығындарды кейінге қалдыру арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Вжалтару - шығындардан жалтару арқылы ақшаны үнемдеу мөлшері.

      Бұл ретте атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын тазарту және (немесе) бақылау және сарқынды суларды ағызу үшін ақаулы құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдалану немесе пайдалану қағидаларын бұзу жағдайлары үшін айыппұл салуды көздемейтін, мөлшері экономикалық пайда сомасының пайызымен көрсетілген ӘҚБтК-нің 331-бабының бірінші бөлігінде белгіленген құқық бұзушылықтар осы құқық бұзушылыққа жатпайды,;

      21. Осы тараудың мақсаттары үшін шығыстарды кейінге қалдыру жолымен ақша қаражатын үнемдеу мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Вкейінге қалдыру = Ркап. - Ркап.нақты,

      онда:

      Вкейінге қалдыру - шығындарды кейінге қалдыру арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Ркап.- атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын және сарқынды суларды ағызуды тазалауға және (немесе) бақылауға арналған құрылыстардың немесе жабдықтардың міндетті болуына қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау үшін қажетті бір жолғы күрделі шығыстар;

      Ркап.нақты - Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының көрсетілген талаптарын орындау үшін бақылау субъектісі нақты шеккен біржолғы күрделі шығыстар.

      22. Осы тараудың мақсаттары үшін біржолғы күрделі шығыстарға мыналар:

      1) құрылыстарды, жабдықтарды жобалауға арналған шығыстар;

      2) жабдықтарды сатып алуға арналған шығыстар;

      3) құрылыстар салу, жабдықтар орнату үшін қажетті тауарларды сатып алуға арналған шығыстар;

      4) құрылыстарды салу, жабдықтарды орнату (монтаждау) жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шығыстар;

      5) іске қосу-жөндеу жабдығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығыстар;

      6) техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, жобалық басқару жөніндегі қызметтер, егер қолданылса;

      7) құрылыстарды, жабдықтарды пайдалануға беруге арналған шығыстар кіреді.

      Егер құқық бұзушылықтар бар құрылыстарды, жабдықтарды күрделі жөндеу немесе ауыстыру қажеттілігі себебінен оларды бақылау субъектісі қайта пайдалануда туындаған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тиісті шығыстар осындай құрылыстарды, жабдықтарды талап етілетін күрделі жөндеуге және (немесе) жаңғыртуға қатысты есептеледі.

      23. Егер экономикалық пайданы есептеу кезіне мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылау субъектісінде күрделі жөндеуді немесе ауыстыруды талап етпейтін құрылыстың, жабдықтың болу фактісін анықтаса, шығыстарды кейінге қалдыру арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері нөлге тең деп айқындалады.

      24. Бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын орындау үшін іс жүзінде шеккен біржолғы күрделі шығыстарды бақылау субъектісі тиісті құжаттарды (тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттар, бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын бастапқы есепке алу құжаттары) ұсыну арқылы растайды.

      25. Осы тараудың мақсаттары үшін шығындардан жалтару жолымен ақша қаражатын үнемдеу мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Вжалтару = Рэксп. х П,

      онда:

      Вжалтару - шығындардан жалтару арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Рэксп. - құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті өндірілмеген ағымдағы (кезеңдік) шығыстардың жылдық сомасы;

      П - жылдармен есептелетін құқық бұзушылықтың ұзақтығы (толық емес жыл бағалау кезіндегі өткен уақытқа пропорционалды түрде ескеріледі).

      26. Қолда бар құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті өндірілмеген ағымдағы (кезеңдік) шығыстарға мыналар жатады:

      1) қажетті материалдарды, шикізатты, энергиямен және сумен жабдықтау қызметтерін сатып алуға арналған шығыстар;

      2) құрылыстарды, жабдықтарды пайдалануға және күтіп-ұстауға жауапты білікті қызметкерлердің немесе жоғары білікті мамандардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      3) құрылысқа, жабдыққа техникалық қызмет көрсету қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      4) құрылыстарды, жабдықтарды ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар;

      5) құрылысты, жабдықты пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды қалпына келтіруге және (немесе) жоюға арналған шығыстар.

4-тарау. Экологиялық заңнамада көзделген қалдықтарды көмуге салынған тыйымды бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есептеу

      27. Қалдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Рқалд.басқару,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Рқалд.басқару - бақылау субъектісі кейінге қалдырған қалдықтарды қалпына келтіру (қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату) үшін не, егер қалдықтарды қалпына келтіру мүмкін болмаса, оларды жою бойынша қажетті шығыстар.

      28. Қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою үшін қажетті шығыстарға қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі, оның ішінде қосалқы операцияларды (сұрыптауды,өңдеуді) жүзеге асыру, қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою орындарына тасымалдау жөніндегі операцияларды орындау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалған шығыстар жатқызылады.

      29. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көмуге тыйым салынған қалдықтарды заңсыз көмуге бақылау субъектісі шеккен шығыстар экономикалық пайда сомасын есептеу кезінде ескерілмейді.

5-тарау. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс жинау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есептеу

      30. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан (бұдан әрі – арнайы белгіленген орындар) тыс жерге қою нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы шығыстарды кейінге қалдыру және (немесе) олардан жалтару жолымен ақшалай қаражатты үнемдеу түрінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Вкейінге қалдыру + Вжалтару,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Вкейінге қалдыру - шығындарды кейінге қалдыру арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Вжалтару - шығындардан жалтару арқылы ақшаны үнемдеу мөлшері.

      31. Осы тараудың мақсаттары үшін шығыстарды кейінге қалдыру жолымен ақша қаражатын үнемдеу мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Вкейінге қалдыру. = Ркап. – Ркап.нақты,

      онда:

      Вкейінге қалдыру - шығындарды кейінге қалдыру арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Ркап.- арнайы белгіленген орынды салу (ұйымдастыру) үшін қажетті біржолғы Күрделі шығыстар;

      Ркап.нақты - арнайы белгіленген орынды салу (ұйымдастыру) үшін бақылау субъектісі нақты шеккен біржолғы Күрделі шығыстар;

      32. Осы тараудың мақсаттары үшін біржолғы күрделі шығыстарға мыналар жатады:

      1) арнайы белгіленген орындарды жобалауға арналған шығыстар;

      2) арнайы белгіленген орындарды салу (ұйымдастыру) үшін қажетті тауарларды сатып алуға арналған шығыстар;

      3) арнайы белгіленген орындарды салу (ұйымдастыру) жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шығыстар.

      33. Бақылау субъектісі арнайы белгіленген орынды салу (ұйымдастыру) үшін іс жүзінде шеккен біржолғы күрделі шығыстарды бақылау субъектісі тиісті құжаттарды (тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттар,бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын бастапқы есепке алу құжаттары) ұсыну арқылы растайды.

      34. Осы тараудың мақсаттары үшін шығындардан жалтару жолымен ақша қаражатын үнемдеу мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Вжалтару = Рэксп Х П,

      онда:

      Вжалтару - шығындардан жалтару арқылы ақша қаражатын үнемдеу мөлшері;

      Рэксп. - арнайы белгіленген орынды пайдалану және ұстау үшін қажетті ағымдағы (кезеңдік) шығыстардың жылдық сомасы;

      П - жылдармен есептелетін құқық бұзушылықтың ұзақтығы (толық емес жыл бағалау кезіндегі өткен уақытқа пропорционалды түрде ескеріледі).

      35. Арнайы белгіленген орындарды пайдалану және ұстау үшін қажетті өндірілмеген ағымдағы (кезеңдік) шығыстарға мыналар жатады:

      1) қажетті материалдарды, шикізатты, энергиямен және сумен жабдықтау қызметтерін сатып алуға арналған шығыстар;

      2) арнайы белгіленген орындарды пайдалануға және күтіп-ұстауға жауапты білікті қызметкерлерге немесе жоғары білікті мамандардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      3) арнайы белгіленген орындардағы техникалық қызмет көрсету қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар.

6-тарау. Экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есептеу

      36. Экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды көму нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Ржин.,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Ржин. - қалдықтарды қалпына келтіруге және (немесе) жоюға одан әрі беру үшін оларды жинау (әкету) жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      37. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Рдекл.,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Рдекл. - қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындауға және беруге арналған шығыстар;

      38. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау және беру үшін қажетті шығыстарға көмуге берілуге тиіс қалдықтар түрінің (түрлерінің) және (немесе) мөлшерінің бір бөлігін бақылау субъектісі қызметкерлерінің не бөгде ұйымдардың осындай декларацияны әзірлеу және беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар жатады.

      39. Бақылау субъектісінің экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көмуге жұмсаған шығыстары экономикалық пайда сомасын есептеу кезінде ескерілмейді.

7-тарау. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін оны алу міндетті болып табылған кезде экологиялық рұқсатсыз не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз қоршаған ортаға антропогендік әсерді жүзеге асыру нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын есепту

      40. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін оны алу міндетті болып табылған кезде экологиялық рұқсатсыз қоршаған ортаға антропогендік әсерді жүзеге асыру нәтижесінде алынған экономикалық пайданың сомасы не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз мынадай формула бойынша есептеледі:

      В = Д,

      онда:

      В - экономикалық пайда сомасы;

      Д - Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде бақылау субъектісі алған табыстың (түсімнің) мөлшері (бұдан әрі -кіріс));

      Осы тараудың ережелері мыналарға қолданылмайды:

      1) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілер;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және (немесе) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген тиісті экологиялық рұқсат болған кезде 2021 жылғы 1 шілдеден кейін пайдалануға берілген объектілер;

      3) экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның күшін жою немесе кері қайтарып алу себебі бойынша объекті пайдалануға берілгеннен кейін қолданысы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған экологиялық рұқсат болған кезде пайдалануға берілген объектілер жатады.

      41. Табыс қосылған құн салығы мен акциздер (акцизделетін тауарларға қатысты) шегеріле отырып, оны алу міндетті болып табылған кезде экологиялық рұқсатсыз, не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз, пайдалануға жаңадан енгізілген тиісті объектіде өндірілген (орындалған, көрсетілген) барлық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің жалпы құны ретінде есептеледі.

      Кіріс объектіні пайдалануға берген кезден бастап тиісті құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметке тыйым салу түрінде әкімшілік жаза қолданылған күнге дейінгі бүкіл пайдалану кезеңі үшін есептеледі.

      42. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құны бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бастапқы есепке алу құжаттарының нысанында көзделген бастапқы есепке алу құжаттары және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде бақылау субъектісі ұсынған салық декларациялары негізге алына отырып есептеледі.

      43. Бақылау субъектісі осы Әдістеменің 42-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан тиісті ақпаратты сұратады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады