Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 8432 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасының негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады