Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 02 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 8381 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес Троицк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Троицк ауылдық округі әкімінің "Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 2 қазанда № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7408 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Троицк ауылдық округінің әкімі Т.Карабалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады