Облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 89 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26469 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245-бабына сәйкес, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады