Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 1180 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8115 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 4133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 03.08.2021 № 4133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 5-2/94 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының "Сазды" тұрғын үй алабының Набережная, Центральная, Юбилейная, Мерей-той көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады