Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8114 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 тіркелген, 2017 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      10 тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында:

      "3 500 (үш мың бес жүз)" сандары мен сөздері "5 000 (бес мың)" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      10 тармақтың 7) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, Әйтеке би ауданының бюджетінің қаражаты есебінен жүргізілсін.";

      11 тармақта:

      3) тармақшасында:

      "30 000 (отыз мың)" сандары мен сөздері "100 000 (жүз мың)" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      4), 5) тармақшаларында:

      "30 000 (отыз мың)" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың)" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
      _________________________Б. О. Елеусинова
      "____"________________20___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады