"Әйтеке би ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 2 қазандағы № 319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 74 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қыркүйекте № 24454 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Әйтеке би ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 2 қазандағы № 319 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6408 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әйтеке би ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Әйтеке би ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады