Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі Қарабұтақ ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 07 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 8048 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұтақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі Қарабұтақ ауылының "В. Чапаев" көшесі "Бопай ханша" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Әйтеке би ауданының "Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі К. Байдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады