Карантинді алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 42 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 69 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 8239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 02-09-04/50 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарағандысай қыстағы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 42 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8106 болып тіркелген, 2021 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Ж. Абитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады