Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 212 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25248 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері бекітілсін.

      2. "Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі А. Джусибалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 212 қаулысымен бекітілді

Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

KD-KA-51

Қарабұтақ-Бадамша

24,86

2

KD-KA-52

Кемпірсай-Ащылысай

22,46

3

KD-KA-53

Донское-Бадамша-Қайрақты "Ақтөбе-Орск"

22,36

4

KD-KA-54

Бородиновка-Степной

23,01

5

KD-KA-55

"Ақтөбе-Орск"-Анастасьевка-Ащылысай

39,72

6

KD-KA-56

"Ақтөбе-Орск"-Сарыбұлақ

12,0

7

KD-KA-57

"Ақтөбе-Орск"-Велиховка-Ақжайық

16,0

8

KD-KA-58

Шандыаша ауылына кіреберіс

12,5

9

KD-KA-59

Қосестек ауылына кіреберіс

6,0

10

KD-KA-60

Кемпірсай ауылындағы ШӨК кіреберіс

1,0

11

KD-KA-61

Кемпірсай стансасына кіреберіс

3,48

12

KD-KA-62

Кемпірсай ауылына кіреберіс

5,2

13

KD-KA-63

Ш.Қалдаяқов ауылына кіреберіс

1,785

Барлығы

190,375


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады