Жансүгіров ауылдық округі Жансүгіров ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 4 мамырда № 5951 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округі Жансүгіров ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 15 сәуірдегі қорытындысының негізінде, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жансүгіров ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Бөрібай батыр" көшесі, екінші көшеге "Қажымқан Мәсімов" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жансүгіров ауылдық округінің әкімі Б. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады