Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 59-5 "Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 12-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 2 желтоқсанда № 25504 болып тіркелді

      Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 59-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5688 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады