Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 59 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 4927 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Парасат" ғылыми – технологиялық орталығы" акционерлік қоғамына Мойынқұм ауданы мал айдау жолы жерінен шектеулі жер телімін нысаналы пайдалануға меншікті жерді пайдалану құқығына шек қоя отырып (сервитут) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі оперцияларды жүргізу үшін жалпы көлемі 4,0 гектар жер теліміне уақытша 2025 жылдың 03 сәуірге дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Парасат" ғылыми – технологиялық орталығы" акционерлік қоғамы жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі оперцияларды жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Амирханов Ержан Алимхановичке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады