Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 "Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 29/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 6326 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 "Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы № 87 (21 294) "Орталық Қазақстан" және 2012 жылғы 29 мамырдағы №63 (21 227) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) "Қарағанды облысының Матақ өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу" және "Алайғыр" БК" Жауапкершілік шектеулі серіктестігі флотоконцентрат қоймасы бар теміржол тұйығының іргелес аумағында құрылысы жоспарланып отырған Матақ өзені арнасының учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу" жобасын түзету;".

      2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      санитариялық-эпидемиологиялық
      бақылау комитетінің төрағасы
      _______________ А. С. Есмағамбетова

      "_____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және
      табиғи ресурстар министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________М. С. Аккожин

      "_____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады