Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 49/01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25729 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласының төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 6 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Жолмұханұлы Төребеков тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Абсаттаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады