Теміртау қаласы және Ақтау кенті бойынша 2021 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 11/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24918 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасыны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Теміртау қаласы және Ақтау кенті бойынша 2021 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы А. Ломакин

  Теміртау қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 11/5
шешіміне қосымша

Теміртау қаласы және Ақтау кенті бойнша 2021 жылғы арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері

Атауы

Пайдалы алаңның 1 м2* ең аз мөлшері үшін 1 айға (теңге)

1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері

25,18

      Ескертулер:

      м2 - шаршы метр;

      пайдалы алаң - тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады