Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 156 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 6322 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3848 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымдағы "Қарқаралы" № 49-50 (11340) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 22 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылы 22 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы №16 "Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №125 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5692 тіркелген, 2020 жылғы 8 ақпандағы "Қарқаралы" № 6 (11753) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 30 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарқаралы аудандық
      мәслихатының хатшысы
      С. Нуркенов

  Қарқаралы ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 14
сәуірдегі
№ 156
қаулысына қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) ММ және КМҚК басшысы (директоры);

      2) кітапхана меңгерушісі;

      3) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      4) барлық атаудағы суретші;

      5) кітапханашы;

      6) режиссер;

      7) көркемдік жетекші;

      8) музыкалық жетекші;

      9) балетмейстер;

      10) концертмейстр;

      11) хормейстер;

      12) дирижер;

      13) аккомпаниатор;

      14) хореограф;

      15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      16) библиограф;

      17) бухгалтер.

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады