Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 239 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 8208 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      1) Ақтөбе-1 көшесі "Әбсаттар Жұмадуллаев" есімімен;

      2) Ақтөбе-3 көшесі "Нұрмағанбет Әбдреев" есімімен;

      3) Болашақ көшесі "Өтетілеу би" есімімен;

      4) Елизавета Чайкина көшесі "Асан Қоразбаев" есімімен;

      5) Каспий көшесі "Қаһарман Бабағұлов" есімімен;

      6) Қаратоғай көшесі "Берке хан" есімімен;

      7) Мұнайшы көшесі "Батыр хан Қайыпұлы" есімімен;

      8) Саяхат-1 көшесі "Иманғали Сеитов" есімімен;

      9) Саяхат-5 көшесі "Базарбек Қашқынбаев" есімімен;

      10) Саяхат-6 көшесі "Әбдікәрім Тәжмағамбетов" есімімен;

      11) Саяхат-8 көшесі "Шәріпбай Әлназаров" есімімен;

      12) Саяхат-9 көшесі "Бибажар Қалымбетова" есімімен;

      13) Саяхат-18 көшесі "Меңей батыр" есімімен;

      14) Саяхат-20 көшесі "Оспан Оразов" есімімен;

      15) Саяхат-21 көшесі "Хамит Әбенов" есімімен;

      16) Саяхат-22 көшесі "Серік Шотықов" есімімен;

      17) Саяхат-24 көшесі "Мәмбет Аталық" есімімен;

      18) Саяхат-25 көшесі "Тәтімбет Бұлғақұлы" есімімен;

      19) Саяхат-38 көшесі "Арыстанбай батыр" есімімен;

      20) Сәулет-5 көшесі "Әбжан Айсауытов" есімімен;

      21) Сәулет-6 көшесі "Ұзақбай Құлымбетов" есімімен;

      22) Сәулет-7 көшесі "Серғазы Опалқожаев" есімімен;

      23) Сәулет-12 көшесі "Жеңіс Өтемісов" есімімен;

      24) Сәулет-14 көшесі "Бекдулла Есенов" есімімен;

      25) Сәулет-19 көшесі "Өтежан Жақсыбаев" есімімен;

      26) Сәулет-30 көшесі "Сахитжан Бермағамбетов" есімімен;

      27) Сәулет-31 көшесі "Бекен Мусаев" есімімен;

      28) Әбу Насыр әл-Фараби-13 көшесі "Төлепберген Тобағабыл" есімімен;

      29) Тараз көшесі "Әбдуали Спанов" есімімен;

      30) Тарас Шевченко көшесі "Үрмәш Түктібаев" есімімен;

      31) Шиелі көшесі "Бақыт Мыханов" есімімен;

      32) Иван Панфилов тұйық көшесі "Сақып Оңғарбайұлы" есімімен;

      33) Қызылжар тұйық көшесі "Дәмеш Жүргенова" есімімен;

      34) Сыр сұлуы-1 тұйық көшесі "Шайтұрсын Әбдібаев" есімімен;

      35) Сыр сұлуы тұйық көшесі "Омар Тойымбетов" есімімен;

      36) Сұлтанмахмұт Торайғыров-2 тұйық көшесі "Сәмет Балғожаев" есімімен;

      37) Шымбай тұйық көшесі "Адам Мекебаев" есімімен;

      38) Санжар Асфендияров тұйық көшесі "Жақып Қылауыз" есімімен;

      39) Саяхат-11 көшесі "Қазақ радиосы" атауымен қайта аталсын.

      2. Қызылорда қаласындағы келесі атауы жоқ құрамдас бөліктерге мынадай атаулар:

      1) сол жағалаудағы жаңа көпірден бастау алатын атауы жоқ даңғылға "Абылай хан" есімі;

      2) сол жағалаудағы "Қызылорда қаласының тарихы музейі" орналасқан атауы жоқ көшеге "Ғафур Мұхамеджанов" есімі;

      3) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Пірәлі би" есімі;

      4) "Бәйтерек" шағын ауданына параллель жатқан атауы жоқ трассаға "Сыздық Кенесарыұлы" есімі;

      5) "Саяхат" шағын ауданы мен Белкөл кенті аралығындағы атауы жоқ трассаға "Келменбет батыр" есімі берілсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 2-сессиясының төрағасы
Н. Амитов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады