Қызылорда облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26083 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11299 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

      1) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 30 теңге;

      2) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін - 40 теңге;

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады