Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 - 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 236 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 24728 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13418 болып тіркелген), сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімі
  2021 жылғы 4 қазандағы
  № 236
  қаулысына қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылына 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) күндізгі оқыту

ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

басқа жоғары білім беру ұйымдарында

1

Бакалавриат 6В01 Педагогикалық ғылымдар

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

4

1 010 900

901 000

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

8

1 010 900

901 000

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

28

1 010 900

901 000

6В019 Арнайы педагогика

10

1 010 900

901 000

2

Бакалавриат 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

9

1 049 300

922 500

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

4

1 049 300

922 500

 
3

Бакалавриат 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

6B032 Журналистика және ақпарат

6

799 100

714 900

4

Бакалавриат 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В081 Агрономия

1

826 900

742 700

6В087 Агроинженерия

1

826 900

742 700

 
5

Бакалавриат 6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

96

1 188 000

1 001 000

6

Магистратура 7М01 Педагогикалық ғылымдар

7M011 Педагогика и психология

 
4

646 300

396 000

7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау

 
3

646 300

396 000

7

Резидентура 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

1

1 939 900

1 398 900


Барлығы:


175




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады