Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 227 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 9904 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген Қостанай облысы әкімдігінің "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары;

      2) мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының, оқу (ғылыми)-әдістемелік (әдістемелік) орталықтардың (кабинеттердің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтардың, қосымша білім беру (орталық, кешен), біліктілікті арттыру институттарының (филиалдары) басшылары (басшы, директор, меңгеруші);

      3) алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші, техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы);

      4) құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) жетекшісі (меңгеруші, басшы);

      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ғылыми, оқыту, ғылыми-практикалық (орталық), оқу өндірістік, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталықтың, кешеннің), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, инновациялық білім (технологиялар) бойынша, бейінді оқыту бойынша, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшының орынбасары;

      6) интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу әдістемелік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; жаппай ұйымдастыру жұмысының, ғылыми-зерттеу жұмысының, оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;

      7) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) кафедра меңгерушісі;

      8) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) аға оқытушысы;

      9) әлеуметтік педагог;

      10) педагог-ассистент;

      11) қосымша білім беру педагогы;

      12) педагог-психолог, психолог;

      13) арнайы білім беру педагогі (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог);

      14) педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;

      15) тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі; ана-тәрбиеші;

      16) оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;

      17) аға вожатый, вожатый;

      18) жастар ісі жөніндегі инспекторы;

      19) аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарында сурдоаудармашы);

      20) мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы);

      21) нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу-әдіскер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер;

      22) аға шебер, өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы;

      23) мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы; техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының әдіскері (аға әдіскер);

      24) музыкалық жетекші, аккомпаниатор, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын хореограф, концертмейстер, көркемдік жетекшісі;

      25) барлық мамандықты дәрігерлер;

      26) мейірбике (мейіргер);

      27) емдәмдік мейірбике;

      28) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      29) кітапханашы.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Дене шынықтыру және спорт мамандарының лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;

      2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;

      3) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      4) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы;

      5) барлық мамандықтағы дәрігер;

      6) медициналық бике/аға (мамандандырылған);

      7) әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады