Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
2. Денисов ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 89, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 болып тіркелген қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының әкімі | Б. Нургалиев |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 11 мамырдағы | |
№ 98 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімшелер басшысы;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) акушер;
6) диеталық мейіргер;
7) тіс дәрігері (дантист);
8) медициналық бике/аға;
9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
10) зертханашы (медициналық);
11) провизор (фармацевт);
12) психолог маман;
13) рентген зертханашысы;
14) әлеуметтік қызметкер;
15) фельдшер;
16) медициналық тіркеуші.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
4) жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
4) аккомпаниатор;
5) библиограф;
6) кітапханашы;
7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
9) музыкалық жетекші;
10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
11) хореограф;
12) дыбыс режиссері;
13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
15) қазақ, ағылшын тілдері мұғалімі.
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әдіскер.