Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 156 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24951 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. "Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауданының әкімі Ш. Оспанов

  Жангелдин ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 қазандағы
  № 156 қаулысына
  қосымша

Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

Орналасқан жері

Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын

1.

Торғай ауылы, Қасымхан Алтынсары көшесі, № 67 үй

57,75

2.

Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 52 үй

71,17

3.

Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 56 үй

54,65

4.

Торғай ауылы, Кейкі батыр көшесі, № 12 үй 1 пәтер

8,74

5.

Торғай ауылы, Қоғабай Сәрсекеев көшесі № 1 үй, 2 пәтер

0,61

6.

Торғай ауылы, Қожмұханбетов көшесі № 13 үй

10,56

7.

Торғай ауылы, Дулатов көшесі № 4 үй

15,29

8.

Торғай ауылы, Кәтен Дамолла көшесі № 31 үй, 1 пәтер

15,72

9.

Торғай ауылы, Токин көшесі, № 72 үй

8,96


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады