Шектеу іс-шараларын тоқтату және Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23592 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 01-20/179 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:

      Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Абай көшесі, 39 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 24 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 6 үй, М.Сүгір ұлы көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Чапаев көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Транспортный көшесі, 6 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 4 үй, Уәлиханов көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 6 үй, Алтынсарин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Карбышев көшесі, 3 үй, Баймағамбетов көшесі, 21 үй, 3 пәтер, Гагарин көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Карбышев көшесі, 16 үй, Амангелді көшесі, 57 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 16 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 14 үй, 1 пәтер, Парковая көшесі, 8 үй, 1 пәтер, Сатпаев көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Уәлиханова көшесі, 13 үй, Мәметова көшесі, 1 үй, Абай көшесі, 7 үй, Строительная көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Майлин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Транспортный көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Воровского көшесі, 3 үй, Казбек Би көшесі, 37 үй, 1 пәтер, Воровского көшесі, 4А үй, 2 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 5 үй, 1 пәтер, Пионер көшесі, 2 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 11 үй, 1 пәтер, Абылай Хан көшесі, 52 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 41 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 27 үй, 1 пәтер.

      2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарамеңді ауылдық округінің әкімі С. Байдильдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады