Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Құркөл ауылының 40 лет Победы, Муканова, Донентаева көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1-03/10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 ноября № 25344 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 қазандағы № 2-19/496 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Құркөл ауылының: 40 лет Победы, Муканова, Донентаева көшелері аумағында ірі қара малдардың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс - шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Құркөл ауылының 40 лет Победы, Муканова, Донентаева көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23357 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі Б. Сукер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады