Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 қазандағы "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Бакенбай учаскесінде орналасқан "Ернур" фермер қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 7201 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-01/345 ұсынысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Бакенбай учаскесінде орналасқан "Ернур" фермер қожалығының аумағында жылқының құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 қазандағы "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Бакенбай учаскесінде орналасқан "Ернур" фермер қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6983 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Б. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады