Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 7245 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің.2021 жылғы 14 шілдедегі № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 14.07.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 1-13/142 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылының Первомайская және Зеленая көшелерінде жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі Н. Унбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады