Шектеу іс - шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы "Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-03-09 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 1-03-02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 7202 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 2-19/15 ұсынысы негізінде, Ағашорын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс - шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы "Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-09 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6988 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ағашорын ауылдық округінің әкімі Н. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады