Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 7217 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 11.05.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1-13/15 ұсынысы негізінде, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылының келесі көшелеріндегі жануарларда құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін:

      Гагарин көшесі бойынша № 51, № 52, № 53, № 54, № 55, № 56, № 57, № 58, № 59, № 60, № 61, № 62, № 63, № 64, № 65, № 66, № 67, № 68, № 69, № 70 үйлер;

      Михаил Максимович Катаев көшесі бойынша.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауылдық округінің әкімі А. Мангутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады