Солтүстік Қазақстан облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 274 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26219 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 274 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі

Объект атауы

1

2

Ақжар ауданы бойынша

1

"Ленинградское" оқшау су құбыры

2

"Ащыкөл" оқшау су құбыры

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша

3

"Рузаевка" оқшау су құбыры

4

"Чистополье" оқшау су құбыры

5

"Новоишимское" оқшау су құбыры

6

"Возвышенка, Чернозубовка" оқшау су құбыры

Есіл ауданы бойынша

7

"Корнеевка" оқшау су құбыры

Жамбыл ауданы бойынша

8

"Пресновка" оқшау су құбыры

9

"Үлгі" оқшау су құбыры

10

"Жаңажол" оқшау су құбыры

11

"Майбалық" оқшау су құбыры

12

"Благовещенка" оқшау су құбыры

13

"Богдановка" оқшау су құбыры

14

"Амангелді" оқшау су құбыры

15

"Железное" оқшау су құбыры

16

"Кладбинка" оқшау су құбыры

17

"Петровка" оқшау су құбыры

18

"Рождественка" оқшау су құбыры

19

"Калиновский" оқшау су құбыры

Қызылжар ауданы бойынша

20

"Шаховское" оқшау су құбыры

Тимирязев ауданы бойынша

21

"Ақжан" оқшау су құбыры

Уәлиханов ауданы бойынша

22

"Есдәулет жер асты суларының кен орны" оқшау су құбыры

23

"Қулыкөл, Қаратал" оқшау су құбыры

24

"Қайрат" оқшау су құбыры

25

"Жасқайрат" оқшау су құбыры

26

"Қаратерек" оқшау су құбыры

27

"Береке" оқшау су құбыры

28

"Тілеусай" оқшау су құбыры

Шал ақын ауданы бойынша

29

"Садовка" оқшау су құбыры

30

"Балуан" оқшау су құбыры

31

"Семиполка" оқшау су құбыры

32

"Жалтыр" оқшау су құбыры

33

"Ақсу" оқшау су құбыры

34

"Жаңасу" оқшау су құбыры

35

"Новопокровка" оқшау су құбыры

36

"Кривощеков" оқшау су құбыры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады