Жамбыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 182 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23649 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
М. Ескендиров

  "КЕЛIСIЛДІ"
  Жамбыл аудандық
  сайлау комиссиясы
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 19 шілдедегі
  № 182 қаулысына
  1 – қосымша

Жамбыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Архангелка ауылдық округі, Архангелка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Гагарин көшесі, 37

2

Благовещенка ауылдық округі, Благовещенка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округi әкiмінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Мир көшесі, 1

3

Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Мектеп көшесі, 4

4

Казанка ауылдық округі, Казанка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Конституция көшесі, 11

5

Қайранкөл ауылдық округі, Қайранкөл ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қайранкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Гагарин көшесі, 14

6

Кладбинка ауылдық округі, Кладбинка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Кладбинка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта Мир көшесі, 42

7

Майбалық ауылдық округі, Святодуховка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Труд көшесі, 4

8

Мирный ауылдық округі, Мирный ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Ленин көшесі, 24

9

Озерный ауылдық округі, Озерный ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Конституция көшесі, 4

10

Первомай ауылдық округі, Буденное ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Буденное жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Школьный көшесі, 26

11

Пресноредуть ауылдық округі, Пресноредуть ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Пресноредуть жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Школьный көшесі, 18

12

Преснов ауылдық округі, Пресновка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Дружба көшесі, 19;
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Иванов көшесі, 19

13

Троицкий ауылдық округі, Троицкий ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Троицк жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекемесінің ғимаратына iргелес аумақтағы тақта, Центральный көшесі, 47

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 19 шілдедегі
  № 182 қаулысына
  2 – қосымша

Жамбыл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдык округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2855 болып тіркелген);

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 182 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4581 болып тіркелген);

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй - жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 287 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген);

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй - жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады