Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округінің Заречное ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 7301 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Заречное ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мироновка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округінің Заречное ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көше – Достық көшесі;

      № 2 атауы жоқ көше – Целинная көшесі;

      № 3 атауы жоқ көше – Садовая көшесі;

      № 4 атауы жоқ көше – Аманат көшесі;

      № 5 атауы жоқ көше – Степная көшесі;

      № 6 атауы жоқ көше – Молодежная көшесі;

      № 7 атауы жоқ көше – Бірлік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мироновка ауылдық округінің әкімі Н. Жумабаев

  Мироновка ауылдық
  округінің әкімі
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 7 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округінің Заречное ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы схемалық карта

     


     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады