Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 7198 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қайрат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Жамбыл көшесі;

      №2 атауы жоқ көше – Бөгенбай батыр көшесі;

      №3 атауы жоқ көше – Жүсіпбек Аймауытов көшесі;

      №4 атауы жоқ көше – Сәкен Сейфуллин көшесі;

      №5 атауы жоқ көше – Ғабит Мүсірепов көшесі;

      №6 атауы жоқ көше – Мұхтар Әуезов көшесі;

      №7 атауы жоқ көше – Абай көшесі;

      №8 атауы жоқ көше – Амангелді Иманов көшесі;

      №9 атауы жоқ көше – Смағұл Сәдуақасов көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайрат ауылдық округініің әкімі Е. Битниев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданы
  Қайрат ауылдық округі әкімінің
  2021 жылғы 29 наурыздағы
  № 10 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атауы беру туралы схемалық картасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады