Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 7308 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 12 қараша № 20-34/548 ұсынысы негізінде, Семипол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің Астаған ауылында "Ертаева" шаруа қожалығының аумағында жылқылар арасында ринопневмания ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 2 шілдегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6437 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Ескулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады