Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Ақбастау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 08 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 19 наурызда № 6117 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02/07175 ұсынысына сәйкес, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақбастау ауылдық округі, Кеңес елді мекенінің тұрғыны Г.Ратаеваның "Барлыбай" шаруа шаруашылығында "бруцеллез" ауруы ошағының анықталуына байланысты, Кеңес елді мекені аумағында шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. "Ақбастау ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресустарына орналастыруын қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбастау ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы А. Муратова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады